Lesson Study шығармашылық тобы физика пәнінен сабақты зерттеудін екінші сабағын өткізді. Зерттеу тақырыбы «Мәнмәтіндік тапсырмаларды қолдану арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту».
Зерттеу сабағын физика пәнінің мұғалімі Мурзахметова Айгерим Абдикалыковна өткізді. Сабақты шығармашылық топ мүшелері пән мұғалімімен бірлесе жоспарлады. 7 «Б» сынып “Сұйық, газ қысымы. Паскаль заңы” тақырыбына сабақ өтті. Оқушылар тақырыптың теориялық бөлімін бірге талдап, өмірмен байланысты манмәтін тапсырма шығаруда алған білімдерін қолдана алды. Сабақта Quizizz, Padlet бағдарлама қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығы артты.







































































































