16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт - дәстүр күніне орай мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеген ерекше концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар қазақ халқының бай мәдениетін, салт - дәстүрін ән мен күй, би мен көрініс арқылы сахнада әсерлі түрде көрсетті. Ұлттық өнеріміз ұлықталып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады
Осындай тәрбиелік мәні зор іс - шаралар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, салт -
дәстүрімізді насихаттауға үлкен үлес қосады.





























































































