Мектебімізде 2026 жылдың 21 сәуірінде салауатты-эстетикалық пәндер апталығы аясында көркем еңбек пәнінен «Ұлттық жаңғыру: дәстүр мен шеберлік» атты шеберлік сыныбы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтті
Шеберлік сағатына қатысқан 5-сынып оқушылары қазақтың ұлттық қолөнерінің қыр-сырын танып, адал еңбектің маңызын іс жүзінде меңгерді
Жас ұрпақтың жүрегіне ұлттық құндылықтың дәні себіліп, дәстүрді дәріптеу – ел болашағына қаланған алтын кірпіш екені тағы бір мәрте дәлелденді




























































































