Облыстық викторинасы.
Бүгін “15 қараша – Ұлттық валюта” күніне орай мектеп-интернатымызда ”Қостанай Дарыны” өңірлік оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен
«Ұлттық теңге – мақтанышымыз» атты облыстық викторинасы өтті.
Іс-шараға 7-сынып оқушылары қатысып, ұлттық валютамыздың тарихы мен маңыздылығына байланысты білімдерін ортаға салды.
Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Білім жарысында ерекше көзге түскен оқушылар дипломдармен марапатталады.
Бұл шара оқушылардың Отандық рәміздерге деген құрметін нығайтуға бағытталды.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған жастарымыз көбейе берсін!






































































































