18 наурыз - Ұлттық киім күні
Бұл күн - халқымыздың бай мәдениеті мен салт - дәстүрін айшықтайтын ерекше мереке. Ұлттық киім - ұлттың айнасы, тарихтың үнсіз шежіресі. Әр ою, әр өрнек ата - бабамыздың өмір салты мен дүниетанымынан сыр шертеді.
Бүгінгі күні оқушылар мен ұстаздар ұлттық киім киіп, халқымыздың рухани мұрасын дәріптеді. Әсем камзол, шапан, сәукеле мен тақиялар мерекеге ерекше сән берді
Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, келер ұрпаққа жеткізу - әрқайсымыздың міндетіміз!




























































































