«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

«Жас келсе, іске» дегендей, сабақты зерттеу үрдісіне арналған жақсы бір сабақ Қостанай қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия - интернатында өтті. Жас маман, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сальмагамбетова Сымбат Амангелдиновна 7 - сыныпта «Әлеуметтік желіні пайдаланамын» тақырыбында Lesson Study үрдісіне арналған бірінші сабағын өткізді. Мұғалімдер тобымен Lesson Study - ді бірлесе жоспарлап, сабақ мақсатынан бастаған Сымбат Амангелдиновнаның топтық, жұптық, жеке жұмыстарын оқушылардың тапсырмасына бағытталғаны байқалып тұрды. Тапсырма төңірегінде мәтіндерді түсініп орындауға, сұрақтарға ден қоюға, мәмәтіндік тапсырмалардан ой қорытуға шақырып, қазақ тіліндегі дағдыларды да қалыптастыруға мән берді.
Сабаққа қызығушылыған ояту мақсатында «FakeNews» арқылы жасанды интеллект бейнеролигінен «Шын, жалған» деген ақпарат анықтап, түйін жасады. Бұл сабақтың оқу мақсаты да 7.2.1.1 мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау болатын. Оқушылар мәнмәтіндік және графиктік ақпаратты интерпретациялап, ұсынылған ақпарат бойынша өз фактілері мен көзқарастарын ажыратып айта білді.
Үш топтың оқушылары білім деңгейлерімен ерекшеленіп отырды, оқушылар өздерін бағалап, оқушылар алған білімдері бойынша өз білімдерін саралап, жинақтап, бағалай білуге тырысты, сабақ соңында А деңгейіндегі оқушыдан сұхбат алынып, кері байланыс жасалды. Сабақ мақсатына жетті.