Lesson Study шығармашылық тобының үш циклдан тұратын екінші айналымы басталды. Зерттеу тақырыбы: « География
сабағында мәнмәтіндік тапсырмалар арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру»
Lesson Study-ге жоспарлaу, оқыту, қaдaғaлaу, оқыту мен оқуды тaлдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжaттaрды бірлесіп жүзеге aсыратын мұғалімдер тобы қaтысты. Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыстың маңызы зор. Мәнмәтіндік тапсырмаларда – нақты өмірлік жағдай сипатталады, тапсырманың талабы - бұл жағдайды талдау, түсіну және түсіндіру немесе ондағы шешу әдісін таңдау.
Екінші айналымда 7«Б» сыныпта география пәнінен тізбектелген үш сабақтың бірінші сабағын Зейнуллина М.Ж өткізді. Сабақта оқушылар мәнмәтіндік тапсырмаларды топта талқылап шығарды. Берілген мәтін бойынша бірнеше тапсырмалар орындады, қиындық туғызған мәселелерді бірге талқылады. Сабақты бақылаушылар: Тоқтамысова Г.К., Туралина Р.М., Досжанова Ж., Тулегенова А.Т.






































































































