«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Lesson Study шығармашылық тобы математика пәнінен сабақты зерттеудін үшінші айналымын аяқтады. Зерттеу тақырыбы «Мәнмәтіндік тапсырмаларды қолдану арқылы, оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту».

Зерттеу сабағын математика пәнінің мұғалімі Салмағамбет Нұрболат Амангелдіұлы өткізді. 5 «Б» сынып математика курсының «Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру» тақырыбына сабақ өтті. Сабақтын негізгі бөлімінде оқушыларға өмірмен байланысты мәнмәтін тапсырма берілді. Оқушылар есептің шартын жұпта бірге талдап, тапсырманың сұрақтарына жауап іздеді. Өмірмен байланысты мәнмәтін есепті шығару барысында оқушы тапсырманы түсініп өмірлік жағдаяттарды шешуде қызу талқыға салды. Үшінші сабақтан кейін оқушының мәнмәтін тапсырманы түсініп талдауы, оны өз өмірмен байланыстыра алатынының көруге болады. Сабақ соңында әр оқушыдан сауалнама алып, кері байланыс орнатылды.