Lesson Study шығармашылық тобы алгебра пәнінен сабақты зерттеудін екінші сабағын өткізді. Зерттеу тақырыбы «Мәнмәтіндік тапсырмаларды қолдану арқылы, оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту».
Зерттеу сабағын математика пәнінің мұғалімі Жандаулетова Раушан Курмангалиевна өткізді. 8 «Б» сыныбында «Квадраттық функция және оның қасиеттері»тақырыбына сабақ өтті. Сабақта квадраттық функция тақырыбына өмірмен байланысты қолданбалы есептер шығарды. Сабақта Bilimlаnd, Geogebra бағдарламаларын қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығы артты.







































































































