«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жусупова Жанерке Муратовна 5 «Б» сыныбында «J.R.R. Tolkien» тақырыбында Lesson study үдерісіне арналған бірінші сабағын 3 ақпан 2025 жылы өткізді. Сабақ Lesson study аясында шығармашылық топ мүшелерімен бірлесіп жоспарланып, сабақтың нақты мақсаты қойылды. Сабақ барысында оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған деңгейлік тапсырмалар берілді, олар өмірмен тығыз байланысты болды.

Сабақ барысында оқушылар жазушының өмірбаянымен танысып және оның шығармаларына шолу жасады. Сабақта түрлі креативті тапсырмалар мен ойындар қолданылды, мысалы, Wordwall сандық ресурсы арқылы топқа бөлу, сөздерді дұрыс анықтамасымен сәйкестендіру, жазушыдан интервью алу сияқты тапсырмалар орындалды. Сонымен қатар, оқушылар Инстаграм әлеуметтік желісінде автордың шығармасына өздерінің алған әсерлерін сипаттайтын пост жазды, сүйікті кейіпкеріне хат жазу, сондай-ақ басқа да қызықты тапсырмалар орындады.

Оқушылар сабақ барысында ерекше қызығушылық танытып, белсенді түрде өз ойларын ортаға салды. Олар сабақтың интерактивті элементтеріне қатысып, тапсырмаларды орындау арқылы ой-өрістерін кеңейтті. Сабақ соңында оқушылар өзін-өзі бағалау парағы арқылы өздерін бағалап, сабақтың тиімділігін түсінуге мүмкіндік алды.

Осылайша, сабақ өзінің мақсатына толықтай жетті. Оқушылар J.R.R. Tolkien туралы терең білім алып, шығармашылық тұрғыда өз пікірлерін білдіруге үйренді.