«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

2025 жылдың 6 қаңтарында Қостанай қаласы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында ««Lesson study» үдерісі – сабақты оқытудың басты құралы» атты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне негізделген семинар болып өтті.
Семинардың мақсаты - оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге «Lesson study» үдерісі туралы ақпарат беру.
Семинар үш кезеңге негізделді. Бірінші кезеңде «Lesson study» үдерісі туралы теориялық білім беру болатын. Қазақ тілі пәні мұғалімі Ермагамбетова М. К мен тарих пәнінің мұғалімі Тулегенова А. Т семинардың мақсат, міндеттерін айтып, теориялық жағынан тоқталып өтті. Бұл тәсіл арқылы оқытушылардың кәсіби біліктілігі тұрақты түрде шыңдалып, өзара бірлесе жұмыс істейтіні туралы, педагогикалық идеяларды бөлісуге ыңғайлы орта құрылатыны туралы айтылып өтті.
Семинардың практикалық бөлімді математика пәнінің мұғалімі Есмагамбетова Г. Т және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Байсингирова С. М өткізді. Қатысушы мұғалімдерге сабақты зерттеу үдерісінде оқушының сабақ барысындағы белсенділігі, іс - әрекеті және оның не үйренгенін зерделеуге, қадағалауға бағытталғаны ескертілді. «Lesson Study» технологиясын оқу үрдісінде қолдану бірнеше міндетті кезеңдерден өтуді көздейтіні айтылып, кезеңдерді бірінен соң бірін өту өте маңызды екеніне тоқталды.
Семинардың қорытынды бөлімінде орыс тілі пәні мұғалімі Сейткожина Ш. К, химия пәні мұғалімі Жумагулова К. Ж, ағылшын тілі пәні мұғалімі Абикенова Г. А мұғалімдермен «Kahoot» ойыны арқылы рефлексия жасады. Мұғалімдер «Lesson study» үдерісі бойынша сұрақтарға жауап берді, семинар соңында жас ұстаздарға жадынамалар таратылды.