«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі – өсіп келе жатқан тұлғаны жан - жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі таңда өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. Осындай бір сабақ, яғни, Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық зерттеу жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жолмагамбетова Сауле Елибаевнаның 9 «Б» сыныбымен «Демографиялық өсім» тақырыбында өткізген сабағы болды.
Сабақтың негізгі мақсаты да – оқыту үдерісіндегі тәжірибені жақсартуды және жетілдіруді зерделеу. 9 - сыныппен өткізілген бұл сабақта оқу бағдарламасының мақсаттарына бағытталған сабақ жоспар бойынша жүзеге асты. 9. 2. 1. 1тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу мақсатында оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстарға арналған тапсырмаларды орындады. Жаңа білімге қызығушылығын ояту, талқылау сұрақтары, миға шабуыл Lesson Study-ді жоспарлауда басты назарға алынғаны байқалады.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлар арқылы сабақтың мазмұны мен жаңашылдығы көрінді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімідері сабақ жоспарлануына атсалысты, сабақтағы оқушылардың әрекеттерін байқады.