Ыбырай Алтынсарин “Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі” демекші, білікті ұстаз, өз ісінің нағыз шебері Булекбаева Жумаш Советовна ҚР Оқу - ағарту министрлігінің ең жоғары марапаттарының бірі «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды!
Ұстаз еңбегінің басты өлшемі - шәкірттері. 30 жылдам астам уақыт Жумаш Советовнаның тәрбиелеген оқушылары республикалық білім сайыстары мен олимпиадаларда топ жарып, мектебіміздің абыройын асқақтатып келеді. Оның ғылыми - әдістемелік журналдарда жарық көрген мақалалары мен озық іс - тәжірибесі бүгінде облыс, республика көлемінде кеңінен насихатталуда. Бұл марапат - ұзақ жылғы қажырлы еңбектің, төгілген тер мен білімге деген адалдықтың лайықты бағасы.
Құрметті Жұмаш Советқызы! Сізді осынау мәртебелі марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабытыңыз сарқылмасын, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз. Шәкірттеріңіздің жетістігі сізді әрқашан қуанта берсін!





























































































