«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІНІҢ ШАМШЫРАҒЫ-АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНА 180 жыл
Абай- рухани биіктік пен парасаттың символы.
Қазақ халқының жүрегіне жол тапқан ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Адамзаттың Абайы» челленджіне Арал көпсалалы колледжінің ұжымы зор құрметпен қосылады.
Абайдың әрбір қара сөзі мен өлең жолы — ғасырлар өтсе де мәнін жоймайтын мәңгілік тағылым, адамзатты адамгершілікке, әділдікке, білім мен еңбекке үндейтін рухани қазына. Ұлы ойшылдың мұрасы — ұлттық болмыстың айнасы, елді алға жетелейтін терең философиялық ойдың қайнар көзі.
Бүгінгі ұрпаққа Абай ілімін насихаттау, оның асыл мұрасын жастардың санасына сіңіру — бәріміздің ортақ парызымыз.
Хакім Абайдың дана сөзі — жүрекке сәуле, санаға шуақ, рухани кемелденудің темірқазығы.
 Ұлы ақынның мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, елдігіміз бен руханиятымыздың мәңгілік шамшырағы болып қала бермек.