Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің мәдениет және білім мәселелері жөніндегі атташе Colin Guard-пен кездесу
08.11 күні мектебімізге Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің мәдениет және білім мәселелері жөніндегі атташе Colin Guard іс-сапармен келді.
Мектеп мұғалімдері және оқушылары оны жылы қарсы алып, атташеге мектеп жайлы баяндамадан бастады.
Оқушылармен кездесу дөңгелек үстел форматында өтті.
Кездесуде елші оқушыларға АҚШ мәдениеті, білім жүйесі және Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық туралы әңгімеледі. Оқушылар да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, елшінің жауаптарын тыңдады. Кездесу екі елдің өзара түсіністігі мен достық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталды. Мектебіміздің әкімшілігі атынан 140 жылдық мерейтойдан естелік ретінде сыйлық сыйға тартылды. Оқушылар үшін ағылшын тілін үйренуге осындай кездесулер ықпалын тигізерін анық.







































































































