«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Қазақ тілі сабағындағы Lesson Study
«Қазақтың тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі. Мектебімізді сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» деп ұлы педагог М.Жұмабаев айтқандай, біздің болашағымызды мектеп айқындайды. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай білім беру қажет, сондықтан педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру процесінде инновациялық іс-әрекет үлкен рөл атқарады. Бүгінгі таңда оқушылардың сапалы білім алып, білімін өмірде қолдана алуын қамтамасыз ету мақсатында, LessonStudy – іс тәжірибедегі оқыту мен оқуды жетілдірудің тиімді жолы, өткізілуде. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жолмагамбетова Сауле Елибаевнаның 9 «Б» сыныбымен «Шешім» тақырыбындағы сабағы өтті. Сабақта оқу бағдарламасының 9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу; 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану мақсаттары басшылыққа алынды.
Жаңа білімге қызығушылығын ояту үшін «Ассоциограмма» тапсырмасы берілді. Кейін оқушылар дайындап әкелген өнімдерінін (постер, бейнеролик) таныстырып өтті. Тыңдалым мәтінінен кейін оқушылар жұппен ойлана отырып, сұрақтарға жауап берді. 3-деңгей тапсырмасын оқушылар жеке орындап, өз жұмыстарын оқыды.
Әр тапсырма бағалау критерийлерілері бойынша бағаланды, кері байланыс жасалды. Мұғалім сабақ барысында Wordwall, D-ID, Padlet платформаларын тиімді қолданып, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттырды