2024 жылы 4-5 қазан күндері Астана қаласында мұғалімдер күніне арналған кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын құттықтап өтті.
«Мұғалім атағынан жоғары атақ жоқ. Тіпті ғұламалардың өздері де тарихта қалғанымен, олар өз ұстаздарының шәкірттері болып қала береді. Барлық жетістіктердің басында - ұстаздар ғана тұратыны аян. Ұлт тағдыры - ұстаздардың қолында. Біз ұстаздарымызды қадірлеу керекпіз. Ұстаздар қоғам өмірінде өте маңызды рөл атқарады. Балаларды оқыту барысында болашақ мемлекеттің іргетасын қалап, еліміздің дамуына үлкен үлестеріңізді қосып жатырсыздар. Сіздердің еңбектеріңіз жоғары бағаға лайықты», - деп Президент ұстаздардың еңбегіне өз бағасын берді.
Мемлекет басшысы өз құттықтауынан кейін, ұстаздарға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» деген құрметті атағын табыстады. Бұл марапат ұстаздардың көпжылдық еңбегінің жемісі екенін барлығы біледі.
Марапатталған ұстаздардың қатарында мен, Қостанай қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нугуманов А.К. болдым. 40 жыл педагогика саласында еңбек етіп келемін. Бұл марапатқа ие болу - мен үшін аса қадірлі, ерекше маңызы бар мәртебе. Көп жылдар бойы мектеп қабырғасынан талантты шәкірттер шығарып, үлкен өмірге қанаттандырдым.
Өз құттықтау сөзімде ұстаздардың еңбегінің бағаланғанын, Ақ Орда төрінде мемлекет басшысының - Қасым-Жомарт Тоқаевтың - қолынан құрметті атақ «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атты марапатты алғаныма қуаныштымын. Бұл ұстаздардың қызметіне берілген ең биік баға. Осындай биік бағаға лайық болу үшін әлі де аянбай еңбек етуге дайынмын.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нугуманов А.К.







































































































