«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық мұғалімдер күнімен ұстаздарды құттықтады.
Ұстаздармен кездесуінде: «Мұғалімнің мәртебесі қашанда бәрінен биік. Ұлы тұлғалардың өзі ұстазының алдында шәкірт болып қала береді. Бір сөзбен айтсақ, барша жетістіктің бастауында ұстаз тұр. Ұлттың болашағы - ұстаздың қолында. Менің мақсатым - ұстазды қоғамымыздың басты кейіпкері ретінде дәріптеу. Себебі сіздер бала оқыту арқылы келешектің кірпішін қалайсыздар. Қазақстанның дамыған ел болуына зор үлес қосып жүрсіздер. Сіздердің табанды еңбектеріңіз ерекше құрмет пен жоғары марапатқа лайық», - деді Президент.
Мемлекет басшысы білім берудегі ерекше жетістіктері және ел дамуына елеулі үлес қосқаны үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын алған ұстаздарға төсбелгіні табыс етті.
Марапатталғандар қатарында Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нугуманов Ағыбай Каринович те бар.
Нугуманов Ағыбай Каринович ұстаздық жолын 1986 жылы Әулиекөл ауданындағы Қазанабасы мектебінде бастады. Оның көптеген кәсіби марапаттары бар. Ағыбай Каринович республикалық олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының жетекшісі.
Ағыбай Каринович 2004 жылдан бері Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында ұстаздық қызмет атқарып, бар ынтасын балаларға арнап келеді.
Ағыбай Каринович: «Ұстаздық мамандықтың басты мақсаты - балаларға жақсылық әкелуде», - деп сенімді айта алады.
Кездесуде ол Мемлекет басшысына білім саласына тұрақты қолдау көрсетіп, ұстаз мәртебесіне, ұстаздық мамандықтың беделіне, ел мектептерінде білім алу үшін қолайлы жағдай туғызуға көңіл бөлгені үшін алғысын айтты.
«Біз мемлекетіміздің қазақстандықтардың жаңа ұрпақтарына ең жақсысын беруге тырысып, олардың өз елінің нағыз азаматы болып, өз тегін, төл мәдениетін ұмытпай, болашаққа ұмтылуы үшін барлығын жасап жатқанын көріп отырмыз», - деді Ағыбай Каринович.