«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Кәсіптік бағдар беру және психологиялық қолдау жұмыстары аясында менеджер Еликбаева Нургул Молдабаевна мен мектеп психологы Умуртаева Гульмира Аузбаевна 8–11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға болашақ мамандықты таңдауда жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын ескерудің маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ ҰБТ мен мемлекеттік емтихандарға психологиялық дайындық, қобалжуды жеңу, эмоциялық тұрақтылықты сақтау және уақытты тиімді жоспарлау бойынша кеңестер берілді.


Менеджер Еликбаева Н.М. «Өмірлік таңдау мен қиын шешімдер» тақырыбында тренинг өткізіп, түрлі танымдық ойындар мен тапсырмалар ұйымдастырды. Оқушылар «Мамандықты дұрыс тап», «Қолтырауын» ойындары арқылы тапқырлықтарын, шығармашылық қабілеттері мен қарым-қатынас дағдыларын көрсетті.
Осындай кездесулер оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, саналы таңдау жасауына және болашаққа сенімді қадам басуына ықпал етеді.