Бүгін мектебімізге Тұран Астана университетінің (Turan-Astana University (TAU) "Ұлттық және халықаралық құқық" кафедрасының аға оқытушысы Какимжанова Нургуль Тукеновна кәсіптік бағдар беру мақсатында 11 сынып оқушыларымен кездесуде болды.
Кездесу барысында жоғары оқу орнына түсу ерекшеліктері, білім беру бағдарламалары, Тұран университеттің өмірі таныстырылды.






































































































