«Көрнекі сот отырыстары»
Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында 2026 жылғы 20 қаңтарда Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10-сынып оқушыларына арналған таныстыру экскурсиясы өтті.
Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жас ұрпақтың заң мен сот жүйесіне деген құрметін қалыптастыруға бағытталды.
Экскурсияны сот төрағасы Шармуxаметова Қарлығаш Сәлімжанқызы жүргізді. Іс-шара барысында оқушылар судьялар мен мамандардың қызметтік кабинеттерін, сот отырыстарының залдарын, психолог кабинетін, сондай-ақ соттың балалар бөлмесін аралады. Балаларға соттың құрылымы, негізгі қызметтері және сот төрелігін жүзеге асыру тәртібі көрнекі түрде түсіндірілді.
Сот төрағасы оқушыларды сот жұмысының ерекшеліктерімен жан-жақты таныстырып, өзінің еңбек жолы, кәсіби қызметі және сот жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі туралы айтып берді. Қолжетімді әрі түсінікті форматта сот тәжірибесінен мысалдар келтіріліп, қаралған істер талқыланды, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі қағидаттары түсіндірілді.






































































































