Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Өмір жолыңыздағы осы жарқын белесіңіз береке мен баққа, жаңа серпін мен қуанышқа толы болсын.
Білім беру саласына қосып келе жатқан өлшеусіз үлесіңіз, мектептің дамуына қосқан зор еңбегіңіз, шәкірт тәрбиелеудегі парасатыңыз – баршаға үлгі, кейінгіге өнеге.
Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық табыс, жаңа белестер мен жетістіктер тілейміз.
Әр күніңіз шаттыққа толы болып, еңбегіңіздің жемісі еселене берсін!
Мерей жасыңыз құтты болсын!
Ізгі тілекпен:
Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының ұжымы







































































































