Құрметті ата-аналар!
Мектеп әкімшілігі 2025–2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау және қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 9, 11 – сынып бітірушілеріне қатысты маңызды ескертулерді назарға ұсынады:
Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады;
Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыруға жол берілмейді;
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады;
Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және де басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді;
Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады;
Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтау, тәртіпті және жауапкершілікті болу әрбір оқушының міндеті.
Ата-аналар, сіздерден аталған талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігі мен тәртібіне жауапкершілікпен қарауларыңызды, мектеппен тығыз байланыста болуларыңызды сұраймыз.





























































































