Көрісу - береке бастауы!
Мектебімізде 14 наурыз - Көрісу күніне арналған мерекелік іс - шара өтті. Амал мерекесі аясында оқушылар мен ата - аналар қауымы бабалар салтын жаңғыртып, ұлттық дәстүрлерден керемет көріністер көрсетті.
Мерекенің басты сәттері:
Үлкендерге сәлем беріп, қол алысып, төс қағыстыру;
Ақсақалдар мен әжелердің ақ батасы;
Ата - аналардың қатысуымен өткен салт - дәстүрлер шеруі.
Бұл күн - өкпе - ренішті ұмытып, ағайынның арасын жақындататын мейірім мерекесі. Баршаңызды Амал мерекесімен құттықтаймыз! Жылымыз құтты, қадамымыз сәтті болсын!
#Nauryznama2026 және #ҰлыДалаНаурызы





























































































