Қостанай облысындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес
аясындағы «Білім мен рухтың тоғысы» сабақтар керуені
2026 жылғы 13 ақпанда «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысы аясында «Білім мен рухтың тоғысы» атты пәндік сабақтар керуені өткізілді. Іс-шара Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты базасында ұйымдастырылып, оған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейі педагогтері де белсенді қатысты.
Керуен барысында мектеп ұстаздары кіріктірілген форматта мазмұнды сабақтар ұсынды. Атап айтқанда, 6 «Б» сыныбында ағылшын, неміс және қытай тілдері пәндері бойынша «National Holidays Around the World» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 8 «А» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті және химия пәндері біріктіріліп, «Су – тіршілік көзі» тақырыбы жан-жақты талданды. Ал 7 «А» сыныбында орыс тілі мен әдебиеті мен физика пәндері кіріктіріліп, «Сандық рекордтар» тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды.
Сонымен қатар «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің мұғалімдері алгебра, биология және Қазақстан тарихы пәндерінен заманауи талаптарға сай сабақ үлгілерін көрсетті.
Сабақтарда пәнаралық байланыс пен цифрлық технологиялар тиімді қолданылып, оқушыға бағытталған әдіс-тәсілдер арқылы білім алушылардың қызығушылығы мен функционалдық сауаттылығы артты. Ұсынылған сабақтар мазмұндылығымен және практикалық маңызымен ерекшеленіп, жоғары бағаланды





































































































