«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Қостанай облысындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес
аясындағы интерактив алаңдары

2026 жылғы 13 ақпанда «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысы аясында мектептің инновациялық әлеуетін танытатын интерактив алаңдарға ұласты. «EduTalks: Шабытпен бөліс!» интерактивті алаңында Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының жас ұстаздары өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру үдерісіндегі жаңа идеяларды ортаға салды. Бұл алаң кәсіби шеберлік пен шығармашылық ізденістің жарқын көрінісіне айналды.

Оқушылардың көшбасшылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Оқушылар дипломатия әлемінде» атты YAMUN (Y. Altynsarin Model United Nations) жобасының таныстыру сессиясы өтті. Жоба жас буынның жаһандық ойлауын қалыптастырып, пікірін еркін жеткізуіне және халықаралық мәселелерге белсенді көзқарас танытуына мүмкіндік береді.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында «Ыбырай Алтынсарин мұрасы – ұлттық білімнің алтын қазығы» тақырыбында атқарылған жұмыстар сараланды. Ал «Ұлттық код және заманауи сабақ: ойын технологиялары тәжірибеде» алаңы дәстүр мен заманауи білім беру тәсілдерінің үйлесімді сабақтастығын көрсетті.

Ерекше назар аудартқан «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің жобасы– «IDP (Individual Development Plan) – оқушының даму жоспары». Бұл жоба әрбір оқушының оқу жетістігін, тұлғалық және әлеуметтік дамуын жүйелі бақылауға және қолдауға бағытталған тиімді құрал ретінде таныстырылды. Сонымен қатар «Мектептегі ата-ананың рөлі» тақырыбы аясында мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайтудың жаңа бағыттары талқыланды