«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

11 жылдық тарихы бар турнирдің дәстүрлі 11-ші ойыны болып өтті. Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының қолдауымен өткен «YBYRAI CUP IV» пікірсайыс турнирі дәстүрлі түрде 11-ші рет өткізілді. Биылғы тақырыптың негізі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Құқықтық сауаттылық және азаматтық ұстаным» деп таңдалынды. Турнирге облыстың дерлік барша аймағын өтініштер келіп жалпы 36 команда іріктеліп алынды.

Турнирге Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының бас маманы Қаламқас Сабыржанқызы Қаратаева келіп, барлық қатысушыларды ойынға келулерімен құттықтап білім басқармасы атынан сәттілік тіледі. Турнирдің сәтті өтуіне тағы бір себеп мектеп түлектерінен құралған «Шырақ» бірлестігі болды. Шырақ бірлестігі атынан турнирге Сансызбаев Олжас Маралович және Исенова Галина Дулатовна келіп қатысып, турнир жеңімпаздарына бірлестік атынан сыйлықтар сыйлады.

Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында өткізілген дәстүрлі «YBYRAI CUP IV» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары

А лигасының нәтижесі:

1-орын - Назарбаев Зияткерлік мектебі «Самрұқ»
2-орын - QAZBILIM Ұлттық лицейі «Ділмар»
3-орын - Сырбай Мәуленов атындағы гимназия «Сөз мерген»
Үздік спикер: Спанова Ақсезім
Үздік төреші: Аканбаев Бағлан -Қостанай Дарыны ӨОӘО бас әдістері.

Б лигасының нәтижесі:

1-орын - Қостанай ауданы, Балалар шығармашылық үйі «Баунти»
2-орын - Рудный қаласы білім бөлімінің №13 жалпы білім беретін мектебі «Ақиқат»
3 орын - Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі «Үміт»
Үздік спикер: Конкабаева Малика
Үздік төреші: Жұмағали Чингиз- Парасат дебат клубы  президенті