«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

15 наурыз Қайырымдылық күні қарсаңында Қостанай облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы” КММ - де мектебіміздің оқушылары «Наурыз» тақырыбында қайырымдылық концерт ұйымдастырды.
Оқушылар ән айтып, би билеп, ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, ерекше көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар 9 - сынып оқушылары өз қолдарымен жинаған тәттілерін орталықтағы балаларға табыстады.
Акцияға ата - аналар да қолдау көрсетіп, ата - аналарымыздың бірі арнайы барып балаларға жемістер таратты.
Осындай қайырымдылық шаралары оқушылардың мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін арттырып, жақсылық жасауға тәрбиелейді.

#Nauryznama2026 және #ҰлыДалаНаурызы