Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ педагогтары «Инновациялық педагогикалық идея фестивалі» атты Республикалық конкурстың облыстық кезеңіне белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті.
Білім беру саласындағы жаңашылдық пен кәсіби ізденісті дәріптейтін бұл байқауда мектебімізден 5 мұғалім өз жобаларын қорғады. Олардың ішінде төрт ұстаз жүлделі орындарға ие болып, мектебіміздің абыройын асқақтатты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз:
• Абдигалиев Нурбол Умурзакович, дене шынықтыру пәні мұғалімі – «Шеберлік палитра» бағыты бойынша «Асық – баланың балалық шағы мен болашағы» жобасымен I орын;
• Жусупова Жанерке Муратовна, ағылшын тілі пәні мұғалімі – “Бірлік пен Білім көпірі” жобасымен II орын;
• Сальмагамбетова Сымбат Амангелдиновна, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі – «Әдебиет сабағында ойын кеңістігі» жобасымен II орын;
• Серикбаева Акмарал Нурбековна, мектеп директорының орынбасары – «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы мектепішілік әлеуметтік бастамалар мен ізгі істер жобасымен II орын.
Сонымен қатар, Касыбаева Акерке Терекбаевна, математика пәні мұғалімі, байқауға белсене қатысып, кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Оның бастамашылдығы мен шығармашылық ізденісі мектеп ұжымына үлгі екендігін ерекше атап өтеміз.
Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз! Ұстаздарымыздың кәсіби дамуға ұмтылысы, білім беру саласындағы жаңашыл идеялары мен табандылығы – мектебіміздің үлкен жетістігі. Жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз құтты болсын! Шығармашылық табыс, жаңа идеялар және алдағы байқауларда биік шыңдарды бағындыруды тілейміз!






































































































