Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында 2025 жылдың 13 қаңтарында математика мұғалімі Салмағамбет Н. А. және орыс тілі мұғалімі Оразбаева Д. А. «Gamification: Сабақтарды ойынға айналдыру» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
Шеберлік сынып барысында Quizizz AI және EducaPlay жасанды интеллект платформалары қарастырылды. Мектеп ұстаздары белсенділік танытып, тәжірибелік жұмыстарға қатысты, сондай-ақ кері байланыс орнатылып, тиімді ұсыныстар талқыланды.






































































































