«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Әдістемелік бірлестіктер отырыстары

2026 жылғы 19 наурыз күні Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп - гимназия - интернатында пәндік әдістемелік бірлестіктердің кезекті отырыстары ұйымдастырылды.
Қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы пәндер мұғалімдерінің отырысы «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру - сапалы білім кепілі» тақырыбында өтті. Отырыста тарих пәні мұғалімі Досжанова Ж.Т. функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды тиімді қолдану жолдарымен бөлісті. Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолмагамбетова С.Е. «Әдебиет лабиринті» әдісі арқылы көркем шығармаларды талдаудың төрт түрін ұсынды.
Лингвистикалық пәндер мұғалімдерінің әдістемелік отырысында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оразбаева Д.А. «Жасанды интеллект оқушы рөлінде: нейрожеліні ойлау тренажерына айналдыру» тақырыбында баяндама жасап, жасанды интеллектіні сабақта тиімді қолдану тәжірибесімен таныстырды. Сонымен қатар, әдістемелік бірлестік жетекшісі Байсингирова С.М. республикалық және облыстық олимпиадалардың нәтижелері туралы ақпарат берді.
Жаратылыстану - математикалық бағыттағы пәндер мұғалімдерінің отырысында жас маман Исмағулова З.А. өз сабақтарында «Адал азамат» біртұтас бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын көрсетті. Отырыс барысында мұғалімдер сәуір айында өтетін пәндік апталыққа дайындық жұмыстарын талқылады.
Барлық әдістемелік бірлестіктер отырыстарының қорытынды бөлімінде жетекшілер ІІІ тоқсан бойынша атқарылған жұмыстарға жан - жақты талдау жасап, алдағы кезеңге міндеттер белгіледі.