Ағымдағы жылдың 6 наурызында Алматы қаласында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ-нен тарих пәні мұғалімі Зулгариев Риза Дуйсенбайұлы қатысты. Риза Дуйсенбайұлы 2023 жылдың қазан айында өткен облыстық деңгейде жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге өтті.
Республикада «Тарих сабағында көркем фильм және жасанды интеллект қолдану тиімділігі» тақырыбында өз тәжірибесін көрсетіп, топ жарып, жүлделі І орынды иеленді.
Риза Дуйсенбайұлын жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, толағай табыс тілейміз!







































































































