«Даналық мектебі» жобасы
Мектептемізде «Даналық мектебі» жобасы аясында «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» тақырыбында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның қадірлі қонақтары – тәрбиеленушілеріміздің аталары болды.
Кездесу барысында:
жеті ата мен шежіре ұғымы,
ұрпақ тәрбиесі,
ұлттық құндылықтар жайлы әңгіме қозғалды
Аталар ақыл-кеңесімен, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жас ұрпаққа бағыт-бағдар берді.
Мұндай кездесулер – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық рухты жаңғыртатын маңызды алаң.
Өткенін білетін ұрпақ – болашағына берік!






































































































