Бүгінгі күн – Өзін-өзі тану күні. Осыған орай біз ерекше форматта “Жетістіктер ағашы” акциясын өткіздік.
Әрбір қатысушы — оқушылар, ұстаздар — өз жетістіктерін, мақтаныш сезімдерін білдіретін шағын жазуды жапыраққа жазып, ағашқа жапсырды.
“Мен мақтанамын, өткені…” деген бастамамен әркім өз ішкі қуанышын, табысын бөлісті.
Нәтижесінде біздің ағашымыз жылы сөздермен, жетістіктермен, шабытпен толды.
Ұжым мүшелері де, оқушылар да белсенді қатысып, жағымды атмосфера қалыптастырды.







































































































