20 наурыз - Дүниежүзілік ауыз қуысы денсаулығы күніне орай, білім алушылар арасында «Болашаққа - сау тіспен!» тақырыбында ақпараттық - түсіндіру сабағы өткізілді.
Іс - шара барысында оқушыларға ауыз қуысы гигиенасының маңызы, тіс күтімінің негізгі ережелері және тіс ауруларының алдын алу жолдары туралы жан - жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану мен жеке гигиенаның адам денсаулығына әсері түсіндірілді.
Іс - шараның мақсаты:
Оқушыларға ауыз қуысы денсаулығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, тіс күтіміне жауапкершілікпен қарауға үйрету және салауатты өмір салтын қалыптастыру.





























































































