Бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы
Мектебімізде «Аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы онлайн форматта өткізілді.
Жиналыс барысында бала қауіпсіздігі, психологиялық қолдау, отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және буллингтің алдын алу жолдары талқыланды.
Бала тәрбиесі – отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі. Бірлесе әрекет еткенде ғана қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыра аламыз.






































































































