«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

 23 ақпан күні Л. Толстой атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы қабырғасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында мазмұнды әдеби іс-шара өтті.

Шараға мектебіміздің 10 «Б» сынып оқушылары қатысып, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі - Қабдеш Жұмаділов шығармашылығымен кеңінен танысты.

Кездесу барысында қаламгердің тарихи тақырыпты терең қозғайтын Тағдыр романы жан-жақты талқыланды. Оқушылар шығармадағы ел тағдыры, ұлт болмысы, тарихи шындық пен көркемдік шешім туралы өз ойларын ортаға салды.

«Тағдыр» - ұлт тарихының көркем айнасы екені ерекше атап өтіліп, жас оқырмандар үшін бұл кездесу рухани азыққа толы, тағылымды басқосу болды.