«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Бүгін мектебімізде «Білімім – Отаныма!» тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты Әнұранмен басталды. ҚР Оқу-ағарту министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына құттықтау сөзін тыңдап, республика бойынша балалардың жетістіктері туралы видеоролик қойылды.
Әр сынып оқушыларының жыл бойы халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық білім жетістіктері атап өтілді.
 Ал 9, 11 сыныптың түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларын эссеге жазды. #біртұтас_тәрбие