Білім беруді цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша кеңейтілген ОӘК отырысының қорытындылары
Қостанай қаласында «Адал азамат» цифрлық технологиялар дәуіріндегі мектептегі тәрбиенің және технологиялардың сабақтастығы» тақырыбында оқу-әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысы аяқталды
Іс-шара «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты мен Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты базасында өтіп, «Дарын» өңірлік орталықтарының басшылары мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорларын біріктірді.
Отырыс барысында оқу үдерісін цифрлық трансформациялау, STEM тәсілін және жасанды интеллект құралдарын білім беру практикасына енгізу, білім алушылардың зерттеу қызметін дамыту, сондай-ақ пәнаралық оқыту мәселелері қарастырылды. «Адал азамат» бағдарламасының тәрбиелік құрамдас бөлігіне, білім алушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды сақтауға ерекше назар аударылды.
Кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңес қорытындысы бойынша тиімді цифрлық білім беру ортасын қалыптастыруға және білім алушылардың жеке білім беру траекторияларын қолдауға бағытталған ұсынымдар әзірленді.






































































































