Бүгін мектебімізге 2004 жылы мектеп бітірген түлектер 20 жылдық кездесуге түлеп ұшқан алтын ұя мектептеріне келді.
Кездесуге түлектермен қатар құрметті қонақтар да келді:
2003-2012 аралығында мектеп директоры болған - Каирова Сабира Бирмагамбетовна
11 «А» сынып жетекшісі - Қадіргалиева Мүгісім Қадіргалиевна
11 «Ә» сынып жетекшісі - Туралина Роза Мирамбековна
11 «Б» сынып жетекшісі - Көдебаева Гүлжиян Сүйіндікқызы
11 «В» сынып жетекшісі - Сейткожина Шолпан Курмангалиевна
Түлектер ұстаздарымен кездесіп, жылы естеліктерімен бөлісті, мектеп ішінде квест өтіп, мектебіміздің вокал үйірмесінің оқушыларының қатысуымен өткен шағын концертті тамашалады.







































































































