Бүгін мектебімізде Ұлыстың ұлы күніне орай ата-аналарымыз бен ата-әжелеріміздің қатысуымен салт-дәстүрлер шеруі өтті. Шара барысында әр сынып өздерінің өнерін көрсетті. «Ерулік», «Сыралғы», «Жиенқұрық», «Қазан шегелеу», «Деңгене», «Селт еткізер» секілді қазақтың құндылығын білдіретін дәстүрлері оқушылар тарапынан нақышына келтіріліп көрсетілді. Бұл іс-шара көрермендерге ерекше әсер қалдырып, барша қатысушыларға, әсіресе, салт-дәстүрлерді сақтап, дәріптеген оқушыларға алғысымызды білдіреміз. #nauryznama2025






































































































