Бүгін «Қош бол, аяулы мектебім!» жалпы білім туралы аттестаттарды табыстау салтанатында мектебіміздің 2 білім алушысы үздік көрсеткіштері үшін «Алтын белгі» төсбелгілерімен марапатталды.
«Алтын белгі» төсбелгісін алуға негіздеме: негізгі орта білім туралы үздік аттестаттың болуы және 5-11 сыныптар аралығында барлық жылдық және қорытынды бағаларының «үздік» болуы.
«Алтын белгімен» марапатталған оқушылар - Даушева Айя және Утилиева Айдана.
Білім алушыларды кешіміздің құрметті қонағы «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма басшының орынбасары Сюндикова Данагүл Жаппасбайқызы марапаттады.
Бұл білім алушылар сапалы білім алумен қатар, өздерін жан-жақты оқушы ретінде танытты:
✅ Даушева Айя - ғылыми жобалар сайысының облыстық және республикалық кезеңдерінің жүлдегері; шахматтан облыстық, республикалық деңгейдегі турнирлердің жеңімпазы; математикадан «Алтын түлек» республикалық олимпиадасының жүлдегері; «30 секунд» интеллектуалды ойынының жеңімпазы.
✅ Утилиева Айдана - ғылыми жобалар сайысының облыстық және республикалық кезеңінің жеңімпазы; орыс тілі пәнінен олимпиаданың облыстық және республикалық деңгейлерінің жүлдегері; Халықаралық Roboland-2023 VIII фестивалінің жүлдегері; облыстық YAMUN конференциясының ұйымдастырушысы; «Жыл оқушысы - 2024» номинациясының иегері.
Бұл оқушылар - мектебіміздің мақтаныштары!
Сіздерге сәт-сапар тілейміз, жас түлек!







































































































