«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде орын алып жатқан су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуі жарияланды.

Елімізде 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат орын алуда. Ақтөбе, Абай, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ұлытау облыстарында су апатына байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы өз үндеуінде:

Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылғандығы.

Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралауда.

Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы, құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары тартылғандығын.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы тасқын судан зардап шеккен әр азамат ескерусіз қалдырмайтындығын, қаржылық және басқа да көмек беріліп, материалдық шығындар толық өтелетіндігін айтып кетті.

Жергілікті әкімдіктер күні-түні су тасқынымен жұмыс жүргізуде.

Осы киын күндері күш біріктіріліп, алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.

Құрметпен: Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты.