Бүгін 9-мамыр «Жеңіс күні» және 7-мамыр «Отан қорғаушылар» мерекесі аясында мектебімізде «Варшава келісімі» бойынша шет елдерде (Германия, Польша, Венгрия, Чехославакия, МНР) әскери борышын атқарған, Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстандық ардагерлердің қатысуымен «Ерлік сабағы» іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында қонақтар мен білім алушылар «Отанға деген сүйіспеншілік», «Отан алдындағы борыш», «Тарихи оқиғалар», «Халықтар бірлігі» тақырыптары аясында сұхбаттасты. Ал үйірме шәкірттері кездесуді күймен, әнмен, бимен әсемдеп, кештін көркін аша түсті.






































































































