2026 жылғы 18 наурызда Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында «Идеядан РӘОК грифіне дейін: авторлық бағдарламаны әзірлеу алгоритмі» тақырыбында шебер - сынып өтті.
Іс - шараның мақсаты - авторлық білім беру бағдарламасын идеядан бастап РӘОК (Республикалық оқу - әдістемелік кеңес) грифін алуға дейінгі кезеңдерді жүйелі түрде түсіндіру, бағдарламаның құрылымын дұрыс құрастыруға, мазмұнын сапалы жоспарлауға және ресми талаптарға сай рәсімдеуге бағыт - бағдар беру болды.
Шебер - сыныптың теориялық бөлімінде мектеп директорының орынбасары Токтамысова Гульмира Қарасаевна педагогтарды оқу - әдістемелік кеңестің жаңартылған ережелерімен, авторлық материалдарға қойылатын бірыңғай талаптармен және сараптамалық кеңестен өту мерзімдерімен таныстырды. Сонымен қатар авторлық жұмысты әзірлеудің әр кезеңіне тоқталып, нақты түсіндірмелер берді. Қатысушыларға апробациялық актілерді, рецензияны және әдебиеттер тізімін рәсімдеуге қойылатын талаптар жан - жақты түсіндірілді.
Практикалық бөлімде мұғалімдер топтық жұмысқа қатысып, авторлық материалдардың түрлерін саралап, олардың құрылымы мен мазмұнын талдады. Әрбір материал түрінің мақсаты мен қолданылу ерекшеліктері бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Өткізілген шебер - сынып педагогтардың авторлық материалдарды әзірлеу бағытындағы білімін кеңейтіп қана қоймай, олардың кәсіби ізденісіне серпін берді. Қатысушылар жаңа идеялармен шабыттанып, авторлық бағдарламаларды сапалы әзірлеуге деген сенімі арта түсті. Мұндай мазмұнды іс - шаралар мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін ашып, білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосады деген сенімдеміз.




























































































