“АШЫҚ ЕСІК КҮНІ”
15 қаңтар күні интернатта жататын тәрбиеленушілердің ата-аналарына арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ата-аналар интернаттың тұрмыс жағдайымен танысып, тәрбиешілермен еркін пікір алмасып, балалардың күнделікті өмірін өз көздерімен көрді.
Осындай кездесулер ата-ана мен интернат арасындағы өзара сенімді нығайтып, бірлескен жұмысты дамытуға ықпал етеді.
Қатысқан ата-аналарға алғыс білдіреміз!






































































































