Ашық есік күні
Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының жатақханасында «Ақ-Орда» 5-тобында ата-аналарға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналарды тәрбиеленушілердің жатақханадағы күнделікті өмірімен, тәрбие жұмысының мазмұнымен және тұрмыс жағдайымен таныстыру.
Кездесу барысында ата-аналар мен балалар арасында ұйымдастырылған тренинг-ойындар өзара түсіністік пен сенімді арттыруға бағытталды .
Ата-аналар балаларының бос уақытын қалай өткізетінімен, күн тәртібімен және жатақханадағы тәрбие үдерісімен жақын танысып, өз пікірлерін білдірді.
Ашық форматтағы кездесу ата-аналар тарапынан оң бағаланды






































































































