Бүгін мектеп-интернатымыздың 10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Қазақстанның ірі әуекомпаниясы және Орталық Азиядағы әуетасымалдау көшбасшыларының бірі "Эйр Астана" АҚ әуекомпаниясының мамандарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында "Ar-initio" ұшқыштарды даярлау бағдарламасы оның талаптары мен мүмкіндіктері таныстырылды.







































































































