«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

2024 жылдың 17 мамыр күні ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев «Алтын белгіге» үміткер түлектерімен онлайн ашық диалог алаңын өткізді. Мектебіміздің мақтаныштары,  "Алтын белгіге" үміткер түлектеріміз  Даушева Айя мен Утилиева Айдана кездесуге қатысып, өз ойларын,тілектерін жеткізді.
Министрмен болған кездесуде Утилиева Айдана сөз сөйледі. Кездесуден алған әсері:

«Кездесу барысында өзім сияқты түлектер еліміздің бас педагогіне өз арман-мақсаттары мен білім саласындағы жеткен жетістіктері туралы ойларымен бөлісті. Біз, жас түлектер – Жаңа Қазақстанның негізгі қозғаушы күшіміз. Біз барлық жаңашылдықтың көшбасында болуға ұмтылуға дайын болу керектігімізді түсіндім. Барша үздік түлектердің басын қосып, өмірлік іс-тәжірибесімен бөлісуге, бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасаған кездесу болды»