«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қазақстандағы алғашқы кәсіпкерлік университет –Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) өкілдері 8–11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында университет өкілдері:

  • AlmaU ұсынатын білім беру бағдарламалары мен мамандықтар туралы ақпарат берді;
  • Оқуға түсу талаптары мен гранттық мүмкіндіктерді таныстырды;
  • Студенттік өмір, тәжірибеге бағытталған оқыту жүйесі және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы әңгімеледі;
  • Оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, олардың кәсіби қызығушылықтары мен болашақ мамандық таңдауға қатысты көзқарастарын анықтады;
  • Болашақ мамандықты дұрыс таңдау мен кәсіби бағытты анықтау жөнінде пайдалы кеңестер беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу оқушылардың жоғары оқу орындары туралы ақпараттық түсінігін кеңейтіп, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар берді.